Түрікменстанның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесуі туралы

Түрікменстанның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 4 сәуір - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті.

М. Тілеуберді түрікмен әріптесін қазіргі қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты ынтымақтастықтың және көпжақты құрылымдардағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ, жоғарғы және аса жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі талқыланды.