Қазақстан Ауғанстан бойынша БҰҰ аясындағы халықаралық донорлық конференцияға қатысты

Қазақстан Ауғанстан бойынша БҰҰ аясындағы халықаралық донорлық конференцияға қатысты

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 31 наурыз – Қазақстан СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен бірқатар халықаралық ұйымдардың Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты еңсеру мәселелеріне және ауған халқына көмек көрсету үшін қаржы жинауға арналған халықаралық донорлық онлайн-конференциясына қатысты.

Өз сөзінде ол Қазақстан өңірлік тұрақтылык пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға жан-жақты қолғабыс көрсету қажеттілігін үнемі ұстанатынын мәлімдеді. Сонымен бірге еліміздің гуманитарлық және басқа көмек көрсету арқылы Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша халықаралық күш-жігерге өз үлесін қосуды жалғастырып отырғанын атап өтті.

Отандық дипломат Қазақстанның Ауғанстан халқына көмек көрсету үшін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қорларына ерікті жарналар енгізетінін жариялады.