
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 31 наурыз - Грузин тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Грузия Вице-Премьер-Министрі - Сыртқы істер министрі Давид Залкалианимен телефон арқылы сөйлесуі өтті.
Министрлер Қазақстан-Грузия ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, өзекті халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасты.
Әңгімелесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық салалардағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі қарастырды. Қазақстан мен Грузияның жоғары транзиттік әлеуеті аясында Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша жүк ағынын кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Жақын арада Тбилисиде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия Үкіметаралық комиссиясының кезекті 11-ші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.