
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 31 наурыз – Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Валихан Төрехановтың ант беру рәсімі өтті. Мұндай антты осындай лауазымға алғаш рет тағайындалған қазақстандық елшілер тапсырады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшісі Асқар Тәжібаевты Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқаны үшін «Құрмет» орденімен марапаттау рәсімі өтті.