
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 29 наурыз – Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші Үсен Сүлейменнің төрағалығымен (ККО АӨДА) «Адами өлшем бойынша диалогтық алаң» консультативтік-кеңес органының кезекті онлайн-отырысын өткізді.
Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, Жоғарғы соттың, Конституциялық кеңестің, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің, мүдделі министрліктердің, қазақстандық құқық қорғау үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдері, сондай-ақ алаң қонақтары – БҰҰ Даму бағдарламасы, ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ сияқты халықаралық әріптестердің, Нұр-Сұлтандағы АҚШ пен Канада елшіліктері және ЮСАИД өкілдері қатысты.
Отырыс барысында екі ірі мәселе талқыланды: Күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған халықаралық конвенцияның орындалуы туралы Қазақстан Республикасының екінші кезеңдік баяндамасының жобасын дайындау барысы және гендерлік саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі қарарларын орындау туралы барысы.
Бірінші тармақ бойынша ІІМ өкілі азаматтық қоғам мен ҮЕҰ-ны кезендік баяндаманы дайындауға белсенді қатысуға шақырып, ҮЕҰ-ның қатысуымен күштеп жоқ қылып жіберу жағдайын жан-жақты зерделеудің маңыздылығын атап өтті.
Күн тәртібінің екінші тармағы бойынша кездесуге қатысушылар ұсынған және Мәжіліс депутаттары қолдаған гендерлік теңдік мәселелеріндегі жаңа бастамалардың көптігін атап өткен жөн.
ККО қатысушылары азаматтық қоғамның ҚР мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл нысандарын жетілдіру мәселелері мен перспективаларын және ұлттық құқық қорғау тетіктерін одан әрі нығайту жолдарын талқылады. Күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша пікірталастар нақты ұсыныстар әзірлене отырып, ашық әрі сындарлы сипатта болды.
Отырыс барысында Елші У.Сүлеймен отырысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, ККО алаңы жұмыс істеген жылдар ішінде әзірленген азаматтық сектор ұсынымдарының бірыңғай Жол картасын жасау жұмыстарын аяқтауға және осы мәселені маусым айында өтетін келесі отырыста талқылауға шақырды.