
2022 жылғы 29 наурызда ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының бірінші ұйымдастырушылық отырысы өтті.
Жұмыс тобының қызметіне қатысу бойынша конкурсқа қатысуға өтініш бергендердің арасында дауыс беру нәтижесімен оның құрамына А.Антоненко, Н.Геллерт, К.Қоңырова, Қ.Әуесбай, Ә.Назарбетова, К.Шерьязданова, Ү.Сүлеймен кірді.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңының 8, 9 – баптарына сәйкес ҚР СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңеске жаңа мүшелер сайлау туралы конкурс жариялайды.
Министрлік 2022 жылғы 30 наурыз – 8 сәуір аралығындағы (қоса алғанда) мерзімде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан Қоғамдық кеңеске кандидатуралар жөнінде жазбаша ұсыныстар қабылдайды.
Өз ұсыныстарын жолдаған әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидатты ұсына алады.
Азаматтық қоғамнан Қоғамдық кеңеске ұсынылатын кандидаттарға «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.
Кандидаттарды таңдау кезінде сыртқы саясат және гуманитарлық ғылым саласында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар, сонымен бірге шетел тілдерін меңгерген тұлғаларға басымдық құқығы беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
Құжаттарды қабылдау көрсетілген мерзімде жұмыс күндері, сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін келесі мекенжай бойынша жүргізіледі:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Д.Қонаев көшесі, 31 үй, 174 кеңсе, телефон: +7(7172) 72-04-37, email: qk@mfa.kz