БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі сессиясы кезіндегі іс-шарада Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі сессиясы кезіндегі іс-шарада Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

2022 жылғы 28 наурыз - БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің кезекті 49-шы сессиясы аясында Қазақстандағы қаңтар айындағы оқиғаларды талқылауға арналған онлайн іс-шара өтті.

Кездесу Халықаралық заңгерлер комиссиясының (ХЗК), «Human Rights Watch» және «Amnesty International» үкіметтік емес ұйымдарының бастамасымен өтті.

Іс-шараға Қазақстан тарапынан Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, Сыртқы және ішкі істер министрліктерінің, Бас прокуратураның, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының, Алматы қалалық адвокаттар алқасының өкілдері, сондай-ақ бірқатар құқық қорғаушылар қатысты.

Кездесу шеңберінде халықаралық құқық қорғау ұйымдарының, Қазақстанның мемлекеттік органдарының және отандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері 2022 жылғы «қасіретті қаңтар» оқиғаларының Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы ахуалға, сондай-ақ әділ сот талқылауы құқығына және адвокаттардың жағдайына қатысты кейбір нақты мәселелерге тигізетін әсеріне арналған ашық диалог өткізді.

Іс-шара қоғам назарына ілінген оқиғалар мен күрделі проблемалар бойынша пікір алмасуға, Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жүйесін және құқық үстемдігін нығайту салаларындағы одан әрі бірлескен жұмыс жүргізуге арналған қадамдарды айқындауға мүмкіндік берді.