
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 16 наурыз – ҚР Сыртқы істер министрлігінде елімізде аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдерімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын бірлесіп онлайн-қарау өтті.
Президент ұлтқа үндеуінде саяси реформалардың кең ауқымды бағдарламасын және әлемдегі күрделі геосаяси ахуалдың теріс салдарын еңсеруге бағытталған бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық шараларды ұсынды.
Жолдауды бірлесіп қарау аяқталғаннан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеп, ол жолдау елді ауқымды трансформациялаудың және «Жаңа Қазақстанды» құрудың бастапқы нүктесі болып табылатынын атап өтті. Бұл маңызды реформалар өмірдің барлық салаларын қамтиды, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттарын мемлекет пен қоғамды жүйелі жаңғыртуға тартуды күшейтуге бағытталған.
Өз кезегінде, шетелдік дипломаттар елді одан әрі демократияландыру бағытының жалғасы болып табылатын жаңа саяси бағдарламаға шынайы қызығушылық танытып, іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын білдірді.
Онлайн-трансляция арқылы Президенттің ағылшын тіліне ілеспе аудармамен сүйемелденетін сөзін шетелдегі қазақстандық дипломатиялық өкілдіктер, мүдделі шетелдік сарапшылар мен БАҚ өкілдері көре алды.