Куба Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті  

Куба Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті   

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 10 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрің орынбасары Ақан Рахметуллин Куба Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Оскар Сантана Леоннан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында А.Рахметуллин кубалық дипломатқа Қазақстандағы жұмыста сәттілік тілеп, О. Сантана Леонның қызметі Қазақстан мен Куба арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, оның ішінде денсаулық сақтау, биотехнология, туризм салаларындағы әрекеттестік, сондай-ақ сауда-экономикалық қатынастардың даму әлеуеті мәселелерін талқылады.