KazAID және JICA бизнесті басқару саласында бірлескен іс-шара өткізді

KazAID және JICA бизнесті басқару саласында бірлескен іс-шара өткізді

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 4 наурыз – «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі «JICA» жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігімен «KAIZEN бизнесін басқарудағы қазақстандық-жапон тәжірибе» тақырыбында бірлескен онлайн-семинар өткізді. Семинар «KJC» қазақстандық-жапон адам ресурстарын дамыту орталығының қолдауымен Тәжікстан мен Түрікменстан кәсіпкерлері үшін ұйымдастырылды.

Аталған семинар қазақстандық және жапон халықаралық даму агенттіктерінің алғашқы бірлескен іс-шарасы болды.

Курстың мақсаты Жапонияда пайда болған және Қазақстанды қоса алғанда, кәсіпкерлік және менеджмент саласында бүкіл әлемге танымал «KAIZEN» бизнесін басқару әдісі туралы дағдылар мен білім алмасу болып айқындалды. Үш күн ішінде қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелерді өндірістік басқару саласындағы сарапшы-кеңесші В.Ярославцевпен талқылауға мүмкіндік алды.

Семинардың ашылуында KazAID Басқарма төрағасы Дастан Елеукенов және JICA-ның Қырғызстан мен Қазақстандағы Бас өкілі Х.Кавамото қатысушыларды құттықтап, жемісті жұмыс тіледі. Өз кезегінде, семинардың жабылуында KJC директоры Ж.Оразғалиева атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды. Іс-шара қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар курстан сәтті өткені туралы сертификаттар алды.