СІМ Қазақстанның БҰҰ жанындағы бірінші Тұрақты өкілінің қатысуымен вебинар өткізді

СІМ Қазақстанның БҰҰ жанындағы бірінші Тұрақты өкілінің қатысуымен вебинар өткізді

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 24 ақпан – Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар қатарын отандық дипломатия үшін осы оқиғаның тарихи рөлін және әмбебап халықаралық ұйымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған вебинар өтті.

Іс-шараға ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, 1989-1991 жж. ҚазССР және ҚР Сыртқы істер министрі әрі Қазақстанның БҰҰ жанындағы бірінші Тұрақты өкілі Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова, ҚР Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Бұршақов, Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Сүгірбаев және Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қанат Тумыш, әлемнің 33 еліндегі ҚР шет елдердегі мекемелері мен СІМ құрылымдық бөлімшелеріндегі қазақстандық дипломаттар, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының тыңдаушылары және басқа да қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері, барлығы 100-ден астам адам қатысты.

Вебинардың басында қатысушылар 1992 жылғы 2 наурыздың мұрағат кадрлары бар деректі фильмді қарап, әлемнің саяси картасында жаңа мемлекеттің тәуелсіздігін бекіткен маңызды оқиғалардың бірінің суреттерін еске түсірді.

Өз сөзінде Елші А. Х. Арыстанбекова Қазақстанның БҰҰ-ға кіруіне дайындық және ел басшылығының осы тарихи шешімін жүзеге асырудың ерекшеліктері туралы айтып берді. Сонымен қатар, тыңдаушылармен өңірлік және жаһандық өлшемдерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті практикалық нығайту үшін көпжақты дипломатия тетіктерінің маңыздылығына қатысты пікірлерімен бөлісті.

Вебинар аясында тыңдаушылар спикерге БҰҰ-ның халықаралық қатынастар тарихындағы рөлі, ҚР сыртқы саясатының мақсаттарын іске асыру және оның дипломатиялық қызметін дамыту үшін әмбебап халықаралық ұйыммен ынтымақтастықтың маңызы, халықаралық саясат саласындағы заманауи сын-қатер мен үрдістер, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу перспективалары, дипломатияда цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды сананы қолдану мүмкіндіктерін, гендерлік теңдік және ғылыми дипломатия туралы бірқатар сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар мен түсініктемелер беріліп, Қазақстанның БҰҰ-мен және оның мамандандырылған мекемелерімен тиімді ынтымақтастығын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Вебинар қорытындысы бойынша қатысушылар қазақстандық және жаһандық дипломатия тарихынан құнды мәліметтер ала алатын, халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерін мазмұнды талқылай алатын осындай кездесулерді тұрақты өткізудің маңыздылығын атап өтті.