
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 24 ақпан - Қазақстан тарапының бастамасы бойынша бейнеконференция форматында Қазақстан мен Сингапур арасындағы алғашқы консулдық консультациялары өтті.
Іс-шараға Қазақстан мен Сингапурдың сыртқы саяси ведомстволарының консулдық қызметтерінің басшылары Бауыржан Ақатаев пен Стивен Панг қатысып, консулдық саладағы екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасты.
Визалық режимді өзара жеңілдету, сондай-ақ екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.
Өз сөзінде Б. Ақатаев қазіргі уақытта Сингапур аумағында ұсталғандардың, сотталғандардың, сот отырысы өткенге дейін қамауға алынғандардың немесе қандай да бір тәртіппен бұзған шет ел азаматтарының арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін, сондай-ақ Қазақстан заңнамасын бұзған Сингапур азаматтарының да жоқ екенін атап өтіп, бұл ек ел азаматтарының заңдарды өзара құрметтеуінің жоғары деңгейін көрсететін білдеретіндігін алға тартты. Іс-шара соңында тараптар консулдық мәселелер бойынша ынтымақтастықты жандандыру үшін байланыстарды одан әрі кеңейтуге үмітті екендігін білдірді.