Қазақстан Елшісі Непал Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Непал Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Катманду, 2022 жылғы 23 ақпан – Қазақстанның Үндістандағы және Непалдағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Нұрлан Жалғасбаев Непал Президенті Бидья Деви Бхандариге сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсімнен кейін екіжақты келіссөздер өтті және оның барысында қазақстандық дипломат Непал Президентіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздерін жеткізді.

Тараптар көпжақты форматта қол жеткізілген саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, тиісті келісім-шарттар жасасу арқылы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты арттырудың перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасты.

Непал мемлекетінің басшысы Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы жұмысы екі мемлекет арасындағы өзара тиімді қатынастардың үдемелі дамыуын ықпал ететініне сенім білдірді.