
ҰЛАНБАТЫР, 2019 жылғы 1 қазан - Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаевты cенім грамоталарын табыстау үшін Моңғолияның Президенті Халтмаагийн Баттулга қабылдады.
Кездесу барысында Моңғолияның Басшысы қазақ-моңғол елдері арасында қалыптасқан достық қарым-қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық, көліктік-логистикалық, ауыл шаруашылық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті, сондай-ақ болашақтағы ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мәселелері талқыланды.
Х.Баттулга кездесу соңында өзара байланыстардың одан әрі нығая беретініне сенім білдіріп, Елшіге дипломатиялық жұмыста табыс тіледі.
