БҰҰ Бас Хатшысы Стокгольм министрлік кездесудің қатысушыларымен жүздесті

БҰҰ Бас Хатшысы Стокгольм министрлік кездесудің қатысушыларымен жүздесті

НЬЮ-ЙОРК, 2019 жылғы 26 қыркүйек  – Жаппай ядролық қарусыздануға жағдай жасауды қолдайтын мүдделес мемлекеттердің бейресми тобының министрлер және өзге де жоғары деңгейлі өкілдері БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерришпен кездесіп, оған Ядролық қарусыздану мен таратпау туралы министрлік декларациясын табыстады.

Аталған құжат ядролық қарусыздану мен тараптау мәселелері бойынша 2019 жылғы 11 маусымда Стокгольмде өткен министрлік кездесудің нәтижелері бойынша қабылданған.

Декларацияда ядролық қарудың әскери доктриналар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатындағы рөлін азайту мақсатындағы барлық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға үндеу, ядролық қаруды қолданудың кез-келген қатерін болдырмау мен ашықтықты ілгерілету әдістері, сонымен қатар, қауіпсіздіктің теріс кепілдіктері мен ядролық қарусыздануды тексеру жұмыстарын күшейту маңыздылығы қамтылған. Осы мақсаттарға сәйкес, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жолында ядролық қаруы бар мемлекеттермен тыңғылықты жұмыс жүргізудің амал-тәсілдері қарастырылған.

Қазақстанмен бірге аталған кездесуге Аргентина, Канада, Финляндия, Эфиопия, Германия, Индонезия, Жапония, Иордания, Нидерланд, Норвегия, Жаңа Зеландия, Корея Республикасы, Испания, Швеция және Швейцария мемлекеттері қатысты.