
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 18 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бразилияның Нұр-Сұлтандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рубем Барбосамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Елші Бразилиядағы ішкі саяси жағдай туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Министр жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасуды жандандыру, сондай-ақ Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығының шарт-құқықтық базасын кеңейту жөніндегі нақты ұсыныстарға назар аударды. Екіжақты тауар айналымының көлемін одан әрі арттыру тетіктері айқындалды.