Қазақстан Елшісі ИСЕСКО жанында Тұрақты өкіл ретінде тіркейтін құжатты тапсырды

Қазақстан Елшісі ИСЕСКО жанында Тұрақты өкіл ретінде тіркейтін құжатты тапсырды

Рабат, 2022 жылғы 16 ақпан - Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры доктор Салим аль-Маликке Ұйымға ҚР-дың Тұрақты өкілі ретінде тіркейтін құжатты табыс етті.

ИСЕСКО-ның штаб пәтерінде өткен кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайындығын білдірді.

Өз кезегінде С.аль-Малик Қазақстанда орын алған қаңтардағы оқиғалар әлем елдерінің назарында болғанын хабарлап, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан қабылданған шешімдер мен бастамаларды қолдайтынын қуаттады.

Сонымен қатар ол Елшінің қызметіне толағай табыстар тілеп, кең ауқымды ортақ жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.