
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 18 ақпан – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен кездесті.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және кеңейтілген стратегиялық әріптестікті қарқындату мақсатындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру барысы туралы, сондай-ақ жаңа сын-тегеуріндерді ескере отырып, елдің одан әрі даму жоспарлары туралы ақпаратты жеткізді.