Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 16 ақпан - Канадалық тараптың бастамасымен Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Канаданың Сыртқы істер вице-министрі Сандра МакКарделлмен видеоконференция режимінде кездесу өткізді.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, оның ішінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген басымдықтар шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар сыртқы саяси мекемелер деңгейінде диалогты және тұрақты байланысты жалғастыруға келісті.