ҚР СІМ басшысы бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

ҚР СІМ басшысы бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

НЬЮ-ЙОРК, 2019 жылғы 25 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістанның СІМ басшысы Махмуд Куреши, Кипрдің - Никос Христодулидис, Норвегияның - Инэ Сёрейде және Хорватияның - Гордан Радманмен бөлек келіссөздер өткізді. Кездесулер барысында Қазақстанның осы мемлекеттермен екіжақты ынтымақтастығының ағымдағы мәселелері мен перспективалары талқыланды.