Қазақстан мен Ресей СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Ресей СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 8 ақпан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.

Министрлер ағымдағы жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін және Қазақстан-Ресей қатынастарының халықаралық шарттар базасын кеңейту жолдарын талқылады.