Әмірлік судьялар Нұр-Сұлтанда өтетін Халықаралық судьялар қауымдастығының 62-ші жыл сайынғы отырысына қатысады

Әмірлік судьялар Нұр-Сұлтанда өтетін Халықаралық судьялар қауымдастығының 62-ші жыл сайынғы отырысына қатысады

ДУБАЙ, 2019 жылғы 12 қыркүйек - Қазақстанның Дубай және Солтүстік Әмірліктерлегі Бас консулы Рауан Жұмабек Дубай сотының Бас директоры Тариш әл-Мансуримен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың биік деңгейін қанағатпен және оның негізін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаян қалағанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат ү.ж. 8-9 қыркүйекте БАӘ-ге өткен Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың ресми сапарының және оның шеңберінде ұйымдастырылған Қазақстан-БАӘ үкіметаралық комиссияның 7-де отырысының қорытындылары жөнінде баяндап берді.

Тариш әл-Мансури сапар аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың екіжақты ықпалдастықтың сапалы нығаюына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, Дубай сотының Бас директоры ү.ж. 15-19 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда Халықаралық судьялар қауымдастығының 62-ші отырысы мен Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың 14-ші отырысының өткізілуін жоғары бағалады. Оның айтуынша, аталған іс-шараларға Дубай сот институтының делегациясы қатысады.