
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 2 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Куба Республикасының Елшісі Эмилио Певида Пупоны Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады.
М.Тілеуберді кубалық дипломаттың екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және достықты тереңдетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Сұхбаттастар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, атап айтқанда денсаулық сақтау, биотехнология, туризм салаларындағы перспективаларын талқылады. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға өзара мүдделілік білдірілді.