​Астана қаласындағы Ұлттық мұражайда Кәріпбек Күйіковтың «Радиация» көрмесі ашылды

​Астана қаласындағы Ұлттық мұражайда Кәріпбек Күйіковтың «Радиация» көрмесі ашылды

2017 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында (Астана қаласы) әйгілі қазақ суретшісі, АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылды.

К. Куюков 1968 жылы Семей атом полигонының жанында орналасқан Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келді. Қолсыз туылған суретші отбасындағы ядролық сынақтардың кесірінен зардап шеккен екінші буын өкілі. Уақыт өте келе ол сурет салумен әуестенді, алайда суретші қылқаламды тісімен немесе аяқ саусақтарымен ұстайды.

Қайта құру жылдары К. Күйіков «Невада-Семей» антиядролық қозғалыстың белсенді мүшесі болды. 2012 жылдан бастап әлемдік қоғамды Семей полигоны қызметінің қайғылы салдары және ядролық қару мен ядролық сынақтарға заңды түрде тыйым салу үшін халықаралық күштердің бірігуінің қажеттілігі туралы ақпараттандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған АТОМ жобасының (Abolish Testing, Our Mission – «Біздің Миссиямыз - Сынақты Болдырмау») құрметті елшісі болып табылады

«Радиация» атты экспозиция автордың осы уақытқа дейін ұсынған суреттерімен соңғы туындылары сияқты ядролық қаруға қарсы және қазақстандықтардың күнделікті өмірі тақырыбын қамтиды. Соның ішінде суретшінің кішкентай жиені бейнеленген «Мадиана» атты суреті.

Көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Итиро Кавабата, Ұлттық мұражай директорының міндетін атқарушы Жакен Таймағамбетов қатысты.

Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомство басшысы орынбасарының айтуынша көрме суретшінің шығармашылығы мен оның жоғары миссиясына қызығушылық танытқан адамдардың өтініштері бойынша ұйымдастырылды. Олардың тең жартысы осы айда астанамызда өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесіне келуді жоспарлауда. Р. Васильенко олардың қатарында Астанада 25-29 тамыз аралығында, яғни Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи Жарлығымен Семей полигонының жабылуының 25 жылдығына, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен бекітілген Халықаралық ядролық қаруға қарсы күні қарсаңында дүниежүзілік ғалымдардың Пагуош қозғалысы конференциясының делегаттары болатынын атап өтті.

«Кәріпбек Күйіковтың суреттері әрбір көрмеге келушіні ядролық қауіп-қатерсіз бейбіт өмір орнату туралы ойға салатынына күмәнім жоқ. Егер ядролық қарусыз өмір идеясын қолдасақ, онда қолымыздан келгенше әрекет ету керекпіз», – деді Р. Василенко.

Қазақстандық дипломат 100-ден астам елден 300 мыңнан астам адамдар жетекші мемлекеттердің басшыларын Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енуін қамтамасыз етуге шақырумен АТОМ жобасының онлайн-петициясына қол қойғанын мәлімдеді.

И. Кавабата өз кезегінде көрменің ашылуы жапон Нагасаки қаласының атомдық бомбалауының 72 жылдығына ұштастырғандары үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ядролы қарудан зардап шеккен Жапония және Қазақстан халықтарының қайғылы тәжірибелерінің ұқсастығы екі мемлекеттің әлемнің қарусыз болашағы жолында ынтымақтастықты нығайтуын талап етеді.

Суретшіге зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілеген Ұлттық мұражай директорының міндетін атқарушы Ж. Таймағамбетов «дарынды суретшінің туындылары біздің мұражайда үшінші рет көрсетілуде және оның керемет туындылары тұрғындарға ізгі ой салып, бейбіт өмір мен татулыққа баулыйтынына күмәнім жоқ», – деп атап өтті.

Бүгінде К. Күйіков суреттері Америка, Жапония, Германия, Норвегия мемлекеттеріндегі жеке және мемлекеттік топтамаларында көрсетілген. 2016 жылы Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Ғаламдық Саммит барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев К. Күйіковтың «Взрыв» суретін АҚШ Президенті Барак Обамаға сыйға тартқан.

«Радиация» көрмесі Қазақстанның ежелгі және орта ғасыр тарихы залдарына қарама-қарсы мұражайдың екінші қабатында орналасқан және Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күрес күніне дейін, яғни 29 тамызға дейін өтеді.