
17 тамызда Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Болат Нүсіповтің қазақстандық БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингі өтті.
Өз баяндамасында Болат Нүсіпов Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, консулдық-құқықтық және туристік салалардағы ынтымақтастықты қоса алғанда, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілері туралы айтып өтті. Неміс статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстан мен Германия арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 2016 жылы 4 млрд. еуро құрады, ал ү.ж. тек 5 айы ішінде былтырғы жылдың сол кезеңіне қарағанда 36 пайызға өсіп, 2.1 млрд.еуро құрады. Елшінің пікірінше, бұл серпінді ескере отырып, жылдың аяғына дейін тауар айналымының өсуі 40-45% жетуі мүмкін.
Елші Қазақстан мен Германия арасындағы шикізат, индустриалдық және технологиялық салалардағы әріптестік туралы үкіметаралық келісім туралы егжей-тегжейлі тоқтап, неміс компанияларының еліміздің шикізатына, атап айтқанда сирек-жер металдарына қол жеткізуін өз кезегінде жоғары технологиялар мен инновацияларды енгізуге қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздейді. Осылайша, жергілікті еңбек ресурстарын пайдаланатын неміс бизнесі шикізатты өндіруден, оны қайта өңдеуден, дайын өнімді жасаудан жоғары қосылған құны бар өнімдерді жасайды. Елбасының айтуынша, бұл схема Қазақстанның «Үшінші жаңғыру» Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделі ретіндегі мақсаттарына сәйкес келеді.
«Қазақстан Германияның шикі мұнайдың төртінші ірі жеткізушісі болып табылады, осылайша Германия мен Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде маңызды рөл атқарады. Германия өз кезегінде энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу, сонымен қатар Қазақстанда қосарлы кәсіптік білім беруінің дамыту салаларында еліміздің стратегиялық әріптесі болып табылады», - деп Б. Нүсіпов атап өтті.
Сонымен қатар, Б. Нүсіпов ағымдағы жылдың шілде айында өткен Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайердың Астанаға сапарын белгіле отырып, екі елдің жоғары деңгейдегі байланыстардың маңызын атап өтті. Аталған сапар барысында 21 келісімшарт бойынша 1 миллиард АҚШ долларға экономикалық және инвестициялық келісімдер қол қойылды.
Көліктік логистика саласында ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатыр, соңғы екі жылда Еуропаға Қазақстан территориясымен Қытайдан контейнерлік пойыздар арқылы жүк тасымалдауы шамамен 5 есеге өсті.
«Қазіргі таңда 90 пайызынан астам неміс инвестициялары Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына бағытталған, атап айтқанда, нақты секторға – өңдеу өнеркәсібіне, химиялық саласына, құрылыс заттарын өңдуге, машина жасауға, агро-өнеркәсіптік саласына және ауыл шаруашылығына. Бұл Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының мақсаттарына сай келеді», - деп Б. Нүсіпов хабарлады.