Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысын өткізу туралы

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысын өткізу туралы

2022 жылғы 24-28 қаңтарда Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының 92-ші отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын келісуді жалғастырды.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының аумағында жоспарланған.