Қазақстан мен Пәкістан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Пәкістан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 26 қаңтар - Пәкістан тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Макдум Шах Махмуд Курешимен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ екі елдің халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.

Министр М.Тілеуберді Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына Пәкістанның алдағы төрағалық етуін Қазақстан толығымен қолдайтынын жеткізіп, аталған іс-шараға өзінің қатысатынын растады.