Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 25 қаңтар – Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров «Эксон Мобил Казахстан Инк.» компаниясының Басқарушы директоры Динеш Дж.Сивасамбумен кездесті.
Кездесуге қатысушылар компанияның Қазақстандағы инвестициялық қызметінің қазіргі жағдайы мен әлеуетін талқылады.
А. Айдаров сұхбаттасын шетелдік инвесторлар алдындағы мемлекеттің барлық міндеттері сақталғандығы және бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту бойынша жұмыстың жалғасатыны туралы хабардар етті. Министрдің орынбасары: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекет тарапынан еліміздегі шетелдік инвестициялар субъектілерін және шетелдік компаниялардың бизнесін қорғау бойынша барлық қажетті шаралар қолданылуда» деді.
Сонымен қатар, мемлекеттің компаниямен әрі қарай ынтымақтастығын кеңейту және ұзақ мерзімді өзара тиімді қатынастарды қолдауға ұмтылуға қызығушылығын атап өтті.
Өз кезегінде, Д. Дж. Сивасамбу соңғы болған жағдайлар компанияның Қазақстандағы қазіргі және келешектегі инвестициялық жобаларына әсер етпегендігін атап өтіп, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан саясатқа қолдау білдірді.
Жалпы, жыл басынан бері Сыртқы істер министрлігі ҚР шет елдердегі мекемелері және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істеп жатқан және әлеуетті инвесторларды қоса алғанда 700-ден астам шетелдік компаниялармен кездесу мен келіссөздер өткізу арқылы тиісті ақпараттық жұмысты іске асыруда. Одан басқа, шетелдік инвестициялық қауымдастықпен, оның ішінде Шетелдік инвесторлар кеңесі, Қазақстан – Еуроодақ, Герман экономикасының шығыс комитеті секілді диалогтік алаңдары шеңберінде бірқатар кездесулер өткізу жоспарлануда.
Президент тапсырмасына сәйкес, СІМ сондай-ақ ҚР Ұлттық экономикасымен бірлесіп ESG, жаһандық энергетикалық және технологиялық ауысым талаптарына ескере отырып жаңа инвестициялық саясат концепциясын әзірлеуде.
Шамамен 380 млрд. АҚШ долл. жиналған тікелей шетелдік инвестиция көрсеткішімен Қазақстан Орталық Азиядағы олардың ең ірі қабылдаушысы болып қалуда екенін еске саламыз.
Шетелдік инвесторларды табысты тарту және олардың Қазақстандағы қызметі елімізге қосымша капитал мен жаңа технологиялардың келуіне, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және халық табысының көтерілуіне жәрдемдесуге бағытталған.
Анықтама ретнінде: «ЭксонМобил» халықаралық мұнай-газ компаниясы 1993 жылдан бері Қазақстан экономикасына 26 млрд. АҚШ долл. астам құйды. Компания 15 мың адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуде және денсаулық сақтау, білім және ғылым салаларында жобаларды іске асыра отырып әлеуметтік қызметті белсенді қолдауда.