
29 тамызда ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері үшін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-тың шетелдік инвесторларды қолдау бойынша мүмкіндіктері мен Қазақстан экономикасының инвестициялық-тартымды секторларының таныстырылымы өтті.
Іс-шара барысында Қазақстандағы «бір терезе» принципі бойынша ұлттық компанияның инвестциялар тарту және шетелдік инвесторларды сүйемелдеу бойынша қызметі, шетелдегі және өңірлердегі инвесторлармен жұмыс ұсынылды. СІМ және ұлттық компанияның өкілдері мемлекеттік қолдау мен преференциялар және экономиканың басым секторларына инвестицялар құю мүмкіндіктері туралы айтты.
Қазіргі таңда Сыртқы істер министрлігі ҚР шет елдердегі мекемелерімен, Инвестиялар және даму министрлігі, «KAZAKH INVEST» және басқа мекемелерінің біріккен күштерімен трансұлттық компаниялармен ауыл шаруашылығы, химия, металлургия, машина жасау, құрылыс материалдарды өндеу және т.б. секторларында нақты бірлескен инвестициялық жобалар пысықталуда.