
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковпен кездесуінде халықаралық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер бойынша қызметті үйлестіру сұрақтары талқыланды.
Қ. Әбдірахманов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 29 тамызда Атом энергиясы халықаралық агенттігінің Төмен байытылған уран банкінің (ТБУБ) ресми ашылуында сөз алған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік саласындағы жаңа бастамаларын жан жақты жүзеге асыру және әзірлеуге кірісетіндігін атап өтті.
С. Рябков өз кезегінде қазақстандық көшбасшының ТБУБ ашылуындағы сөзін «Әлем бағдарламасы» деп сипаттады. Ресей дипломаты мемлекеттің аталған құжатты мұқият қарастырып, оның жүзеге асуына жәрдемдесетіндігін мәлімдеді.
Кездесу кезінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі аясында өзара әрекеттесу барысы сондай-ақ 2018 жылғы қаңтарда Қазақстанның Кеңеске төрағалығының дайындық мәселелері қарастырылды. «Астана процесі» аясында сириялық мәселені реттеудегі халықаралық күш-жігерінің перспективалары, КХДР ядролық зымыран бағдарламасының жайы, Ауғанстанды тұрақтандыру, кибер қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық талқыланды.