
Нью-Йорк, 22 қыркүйек 2017 жыл – Қазақстан Республикасы мен Нигер Республикасы дипломатиялық қатынастар орнатты.
Тиісті бірлескен коммюникеге екі елдің сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Ибрагим Якубу Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында қол қойды.
Нигер Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан 183-ші мемлекеті болды.