БАӘ Министрімен телефон арқылы сөйлесу туралы

БАӘ Министрімен телефон арқылы сөйлесу туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 8 қаңтар - Әмірлік тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Сыртқы істер министрінің м.а. Мұхтар Тілеуберді Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары – Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында БАӘ Министрі әмірліктердің басшылығы мен халқы атынан Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шараларды қолдайтынын жеткізді.

М.Тілеуберді Қазақстан басшылығының халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қалыпты тіршілік әрекетін қалпына келтіру жөніндегі шаралары туралы хабардар етті.

Тараптар жоғары деңгейдегі саяси диалог пен тығыз байланыстарды қолдауға келісті.