Қазақстан СІМ басшысы ЕО Жоғарғы өкілімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан СІМ басшысы ЕО Жоғарғы өкілімен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 7 қаңтар – Еуропа тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының м.а. – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропалық Комиссия Вице-президенті – ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелльмен телефон арқылы сөйлесті.

Еуропалық тарап елдегі жағдай туралы, сондай-ақ ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан терроризмге қарсы операция туралы егжей-тегжейлі хабардар етілді.

Ж.Боррелль Қазақстан билігіне қолдау көрсете отырып, осы жағдайдың тезірек қалпына келуіне үміт білдірді.