
11 қазанда Мәскеуде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов «Шанхай ынтымақтастық ұйымы - Ауғанстан» байланыс тобының отырысына қатысты.
Аталған іс-шара барысында ШЫҰ мүше мемлекеттердің Ауғанстанмен одан әрі өзара іс-қимылының мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Қазақстандық дипломат Қазақстан Ауғанстанға қатысты ойланған саясатты жүргізіп жақтанын, соның ішінде қауіпсіздік, терроризммен күресу, гуманитарлық көмек көрсету, сауда-экономикалық салада өзара іс-қимыл жасау мәселелеріне ерекше мәң беретінін атап өтті.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Ауғанстан үкіметаралық комиссиясы шеңберінде, сондай-ақ Стамбұлдық процесс, CAREC және RECCA форумдары, TIFA және SPECA бағдарламалары сияқты халықаралық диалогтык алаңдарында жүргізілетін жұмыстың маңыздылығына назар аударылды.
«ШЫҰ-Ауғанстан» байланыс тобы 2005 жылы құрылды. Терроризмге, сепаратизмге, экстремизмге және есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күресуге, Ұйым және Ауғанстан арасындағы консультацияларды жандандыруға, осы елге көмек көрсету жөніндегі халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру үдерісіне қосуға бағытталған.