М.Қасымбековтың «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы әзербайжан тіліне аударылды

М.Қасымбековтың «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы әзербайжан тіліне аударылды

АСТАНА, 2017 жылғы 9 қазан – Қазақстан көшбасшысының өмір жолы туралы баяндайтын Махмұд Қасымбековтың «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы тұңғыш рет әзербайжан тіліне аударылды.

Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметін тұңғыш ресми тарихи-биографиялық зерттеуінің аудармасы Әзербайжанның Қазақстандағы Елшілігінің бастамасымен жүзеге асырылды.

Кітапты Әзербайжанның әйгілі журналисі Аида Эйвазлы аударған. Басылымның әзербайжандық нұсқасының кеңесшілері халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің депутаты Джаваншир Фейзиев болды.

Әзербайжан Республикасы Президентінің Әлеуметтік-саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Али Гасанов кітапқа жазған алғы сөзінде, бұл жұмыс Қазақстанның ұлттық көшбасшының өмірлік жолын сипаттай отырып, онда Н.А. Назарбаевтың саяси өмірбаянына басты назар аударатынын атап өтті. Бұл кітап бауырлас қазақ халқы мен оның көшбасшысына әрқашан үлкен құрметпен қарайтын Әзербайжан оқырмандары арасында үлкен қызығушылық тудыратыны сөзсіз.

Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор М. Қасымбековтың «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» тарихи-өмірбаяндық жұмысы 2012 жылы жарық көрді. Мұрағаттық мағлұматтардың үлкен массиві негізінде әзірленген Президенттің өмірбаяны Қазақстанның ең соңғы тарихының маңызды құжаттық дереккөзі болып табылады. Оның ерекше құндылығы – кітаптың мол фотоиллюстрациялық мағлұматтарымен қатар, оқырманға сипатталған оқиғалардың атмосферасына толықтай енуіне мүмкіндік беретін жеке құжаттардың түпнұсқалық көшірмелері алғаш рет шығарылғаны болып табылады.