​Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің жетінші кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

​Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің жетінші кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері,

Астана процессі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті жоғары деңгейдегі халықаралық кездесу 2017 жылғы 30-31 қазанда орын алады.

Сіздерді 31 қазанда «Rixos President Astana» қонак үйінде өтетін кездесудің пленарлық отырысын ақпараттық сүйемелдеу үшін шақырамыз (басталуының уақыты қосымша хабарланады).

Аккредиттеу үшін 2017 жылғы 26 қазанға сағат 12.00-ге дейін қоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын, паспорт (жеке куәлігі) көшірмесін және ресми бланкіде БАҚ басшысы/бас редакторының жазылған хатын «Syrian talks 7» тақырыбымен press@mfa.kz электронды мекенжайына жолдауды сұраймыз.

Кездесу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізілетін болса, уақыты мен орны қосымша хабарланады.