​Алматыда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Еуразия апталығы өтуде ​В Алматы проходит Неделя Евразии ОЭСР

​Алматыда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Еуразия апталығы өтуде ​В Алматы проходит Неделя Евразии ОЭСР

«Өркендеу үшін ашық нарықтар» ұранымен 2017 ж. 23-25 қазан аралығында Алматыда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) 4-ші Еуразия апталығы өтуде. Аталған іс-шара шеңберінде ҚР СІМ ЭЫДҰ-ның Бас хатшысы Анхель Гуррианың Қазақстанға алғашқы іссапарын ұйымдастырылды.

Осы жылғы іс-шараның бірегейлігі, форум алғаш рет ЭЫДҰ-ның штаб-пәтеріннен тыс өткізілуде. А.Гурриа өзінің сөйлеген сөзі шеңберінде «Еуразия апталығын Еуразияның жүрегінде» өткізіп жатқанына Қазақстанға білдірген алғысы кездейсоқ емес. Бұл ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекелестік бағдарламасының ең маңызды форумы, оның басты мақсаты Орталық Азия елдерінің және аталған Ұйымның мүше мемлекеттерінің, сараптамалық қоғамдастықтың, іскерлік және қоғамдық топтарының өзара іс-қимылының дамуы.

Іс-шарада қазақстандық делегациясыне ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев басшылық етті. Жоғары қызметтегі шет елдердігі қатысушылардың арасында Грузия Премьер-министрінің бірінші орынбасары Дмитрий Кумсишвили, Өзбекстанның Премьер-министрінің орынбасары Нодир Отажонов және Тәжікстанның Премьер-министрінің орынбасары Азим Иброхим болды.

Еуразия 2017 апталығының қатысушыларына жүгіне отырып, қазақстандық үкіметінің басшысы біздің еліміздегі реформалаудың ауқымды бағдарламалардың іске асыруын жіті жариялады. Олардың ішінде-ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институционалды реформа, 3.0 Жаңғыру, «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық бағдарлама, Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және т.б. сияқты бастамалары. ҚР дамудың күн тәртібі негізгі әлемдегі барынша дамыған елдердің стандарттарына жету ұмтылсына негізділген. Дәл осындай елдерді ЭЫДҰ біріктіреді. Осы мемлекеттерге шамамен әлем ЖІӨ-ның 60% жатады; олар жаңғырудың терең жолын өткен, халықтың өмір сүру жоғары стандарттарымен, экономика, бизнес және өнімділік дамудың жоғары көрсеткіштерімен қамтамасыз етеді.

Еуразия 2017 ЭЫДҰ апталығының дәстүрлі элементі ЭЫДҰ-ның қатысушы елдердің үкіметтік және бизнес тобының және олардың еуразиялық әріптестерінің арасындағы тікелей диалогына мүмкүндік жасайтын Кәсіпкерлік форум болып табылады.

Сонымен бірге, алматылық іс-шараның бағдарламасында Шығыс Еуропаға, Кавказ маңына, Өзбекстанға, Арменияға, Тәжікстанға – Еуразиялық континентінің нақты аймағы және елдері бойынша тематикалық сессиялар және «дөңгелек үстелдер» өткізу көзделген.

А.Гуррияның Б.Сағынтаев, Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдікалықова, Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және қазақстандық үкіметінің мүшелерімен екіжақты кездесулері өтті. Кездесулер барысында Қазақстанмен өзара іс-қимыл туралы жіті шолу жасалды, оның ішінде біздің елмен ынтымақтастықтың Елдік бағдарламасы және ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыру бойынша ұлттық жол картасы қарастырылды.

Астанадағы А.Гурриа бағдарламасының жеке бөлімі болып Назарбаев Университетінің студенттері үшін дәріс оқыды, оның барысында жас қазақстандықтар Қазақстандағы терең реформалар өткізу бойынша ЭЫДҰ басшылығының жоғары бағаларын естіп, әлемнің барынша дамыған елдерінің табыстарының құпияларын білуге мүмкіндік алды.

1961 жылы құрылған ЭЫДҰ әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің клубы болып табылады және ол халықаралық институттар жүйесінде ерекше орын алады. Мемлекет қызметінің әртүрлі салаларын реформалау бойынша Ұйымның көзқарастары көптеген елдердің дамуының негізгі бағыты мен басшылығы болып табылады, себебіб өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей ықпал етеді.