
20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясында «Ауғанстандағы жағдайға» қатысты жыл сайынғы қарарды қарастыру бойынша пленарлық отырысы өтті. Бұл қарар консенсус арқылы қабылданды.
Аталмыш іс-шара барысында БҰҰ-на мүше мемлекеттер Ауғанстандағы әскери-саяси жағдайдың нашарлауына алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар, Ауғанстанда террористік ұйымдардың, соның ішінде ДАИШ белсенділенуі, сондай-ақ есірткі құралдарын өңдіру артылғандығы туралы айтылды. Делегациялардың көпшілігі Ауғанстан үкіметіне елдің инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша күш-жігеріне үлес қосу қажеттігін мәлімдеді. Сонымен қатар, аймақтық ынтымақтастық АИР-ның тұрақтылығына мен экономикалық дамуына маңызды рөл атқарады.
Қазақстан делегациясы өз сөз сөйлеуінде 2017 жылғы 8-9 маусымда Астана қаласында Шанхай ыңтымақтастық ұйымы аясында өткен іс-шарада Ауғанстандағы ахуалға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен бірге, бұндағы басты оқиға Үндістан мен Пәкістан Ұйымның толыққанды мүшесі болып қабылдануы. БҰҰ-на мүше мемлекеттер, 2018 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесте төрағылығы кезеңде Ауғанстан мен Орталық Азияда аймақтық әріптестікті құру туралы ашық пікірталас өткізетіндігі туралы хабардар болды.
Қазақстан делегациясы, Ауғанстанда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін елде экономикалық даму болмайды, керісінше, даму болмаса қауіпсіздік болмайтындығы туралы атап өтті. Сонымен қатар, Ауғастанды Орталық Азия елдеріне табысты серіктес ретінде қарастыру керек. Осыған байланысты, қазақстандық тарап Алматы қаласында орналасқан БҰҰ 18 аймақтық және субаймақтық кеңселері негізінде БҰҰ Аймақтық орталығын құруды маңызды деп есептейді. Бұл орталықтың қызметі Ауғанстан мен Орталық Азия елдерінің орнықты дамуына жәрдемдесуге бағытталатын болады.