​Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ҰҚШҰ жарғылық органдарының бірлескен отырысына қатысты

​Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі ҰҚШҰ жарғылық органдарының бірлескен отырысына қатысты

Минск, 30 қараша - Бүгін Минск қаласында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қорғаныс министрлері кеңесі, Сыртқы істер министрлері кеңесі және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылар комитетінің кезекті бірлескен отырысына қатысты.

Кездесу барысында мүше мемлекеттердің өкілдері халықаралық күн тәртібіндегі өзара әрекеттестіктің өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 25 жылдығына және Ұйымның 15 жылдығына орай мерейтойлық декларация сондай-ақ Сириядағы және оның төңірегіндегі жағдай, Таулы Қарабақ қақтығысын реттеу жөніндегі ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағаларының делдалдық үлесін қолдау, ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің қорғаныс және ақпараттық қауіпсіздігі мен әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы екі халықаралық келісім әлеуетін нығайту сондай-ақ 2025 жылға дейінгі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру жоспары туралы бірлескен мәлімдемелер сияқты құжаттардың жобаларын алдағы сессиясында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.

Іс-шара қатысушылары алдында сөз сөйлеген Қазақстанның сыртқы саяси ведомство басшысы қазақстандық тарап 2018 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық етуді қабылдауға дайын екендігін хабарлады және Ұйымның алдағы жұмысының басым бағыттарымен таныстырды. Кездесу соңында Беларусь тарапы қазақстандық делегацияға ҰҚШҰ-ға төрағалық етудің символикалық таяқшасын тапсырды.

Отырыста қабылданған құжаттар ҰҚШҰ-ның жоғары органы - Ұйымға мүше мемлекеттер басшыларынан құралған Ұжымдық қауіпсіздік кеңесіне бекіту үшін ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кеңес жұмысына қатысуда.