Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 21 желтоқсан – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Румыния Сенатының Вице-президенті Алина Горгиу бастаған румын депутаттарының делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында Қазақстан мен Румыния саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әріптестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізгенін атап өтті.
А. Рахметуллин Румыния Қазақстанның Шығыс Еуропадағы маңызды серіктесі болып қала беретінін, ал екіжақты сауда көрсеткіші өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өскенін атап өтті. Отандық дипломат еліміздің адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы табыстарымен бөлісіп, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен демократияландыру процестері мен саяси реформаларға ерекше назар аударды.
Өз кезегінде румын делегациясының басшысы Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктерін атап өтіп, елдің Орталық Азия өңіріндегі рөліне жоғары баға берді.
А. Горгиу Қазақстанды 2022-2024 жылдарға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлауымен және тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, халқымызға табыс пен бақ-береке тіледі.
Кездесу соңында тараптар Нұр-Сұлтан мен Бухаресттің екіжақты және көпжақты негізде өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға белділігін білдірді.