
Қазақстан мен Сербия 2021 жылғы 10 желтоқсанда екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнауының 25 жылдығын атап өтеді.
Қазақстан-Серб қатынастары осы өткен ширек ғасырда достық, сенім мен өзара сыйластық рухында дәйекті түрде дамыды.
Қазақстан мен Сербия саяси диалогты жандандыруға және екіжақты қатынастарға жаңа серпін беруге бірлескен әзірлігін растайды.
Екіжақты шарттық-құқықтық базаның берік негізі қалыптасты. Ортақ күш-жігердің арқасында экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда өзара тиімді байланыстар орнатылып, нығайтылды.
Бұған көп жағдайда жоғары және басшылық деңгейдегі, сондай-ақ парламент депутаттары мен үкімет мүшелері арасындағы ресми сапарлар оң ықпал етті.
2011 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Сербия Республикасының Елшілігі ашылды. Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі 2019 жылы өз жұмысына кірісіп, Қазақстан мен Сербия арасындағы тығыз қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсуіне мүмкіндік берді.Елдеріміздің екіжақты ынтымақтастығы парламенттік достық және ынтымақтастық топтары, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы, «Қазақстан-Сербия» Іскерлік қеңесі сынды тетіктер шеңберінде жүзеге асырылуда.
2021 жылғы 10 шілдеде күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы Келісім шеңберінде екі елдің нарықтарына тауарлардың өзара қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасалды.
Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге және тереңдетуге мүдделілік танытуда. Тауарлық құрылымды кеңейтуге, жоғары өңделген өнім үлесін арттыруға күш салу бағытталған. Ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, құрылыс және туризм салалардағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінуде.
Қазақстан мен Сербия білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, жетекші ғылыми мекемелер базасында студенттер алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер практикасын кеңейтуге, екі елдің шығармашылық ұжымдарының сапарларын өткізуге мүдделі.
Нұр-Сұлтан мен Белград БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдар аясында өзара табысты жұмыс істеуде.
Осы саладағы бірлескен күш-жігер халықаралық құқықты сақтауға және халықаралық аренада елдер арасындағы достас ынтымақтастықты сақтауға жәрдемдесуге бағытталған. Бұл өз кезегінде бейбіт өмірге, адамдардың қауіпсіздігі мен оларды қорғауға ықпал етеді.
Елдеріміздің ұмтылысы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және достық, өзара тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған.