Токиода дамуға ресми көмек мәселелері жөніндегі қазақстандық-жапондық консультациялар өтті

Токиода дамуға ресми көмек мәселелері жөніндегі қазақстандық-жапондық консультациялар өтті

Токио, 2017 ж. 9 желтоқсан – Дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы тәжірибемен алмасу үшін Қазақстанның Президент Әкімшілігі, сыртқы істер және қаржы министрліктерінің өкілдері құрамдағы қазақстандық делегациясы Жапонияға барды.

Сапар барысында Жапония СІМ-нің салалы құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен консультациялар, сондай-ақ Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) штаб-пәтерінде және Токио халықаралық орталығында ДРК мәселелері бойынша кездесулер өтті. Орталық Азия мен Ауғанстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Тараптар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің 2015 жылғы қазандағы Бірлескен мәлімдемесінде бекітілген уағдаластықтарды іске асыру, атап айтқанда, «Қазақстанға Ауғанстанмен дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастығына жәрдемдесу» жөніндегі бірлескен пилоттық жобасының іске асыру мәселелерін талқылады. БҰҰ Даму Бағдарламасы өкілдерімен бірлесе осы жобаның екінші сатысын іске асыру – 2018 ж. 30 наурыздан 13 сәуір кезеңінде өткізуге жоспарланған Ауғанстан әйелдері үшін ана мен бала денсаулығы тақырыбындағы семинарды өткізуге қатысты мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырды. Қазақстандық тараптың жобаға қатысуы тәжірибе мен білім беру түріндегі техникалық көмек ретінде жүзеге асырылады.

Қазақстандық делегация ұлттық ДРК жүйесін қалыптастыру бойынша отандық сыртқы саяси ведомство жүргізіп жатқан жұмыс барысы туралы егжей-тегжейлі таныстырды. Бұл саладағы ұлттық оператор тек қалыптасу сатысында екендігіне қарамастан, Қазақстан келесі практикалық қадамдарға – пилоттық жобаларды әзірлеу мен іске асыруға кіріскендігі жөнінде айрықша атап өтілді. Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты Өкілдігі «МАШАВ» Израиль Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігімен бірлесіп, Орталық Азия фермерлері мен ауыл шаруашылығы мамандары үшін ұлттық ДРК-нің тағы бір жобасы (2017 ж. 24-28 сәуір) іске асырылғаны мәлім. Аталған семинар «Үшқоңыр» (Алматы облысы) және «Жасыл технологиялардың ұлттық академиясы» (Ақмола облысы) Білім тарату орталықтары негізінде өткізілді. Су және қуат үнемдеудің заманауи технологияларына оқыту семинарының жұмысына Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аграрлық секторларының өкілдері қатысты.

«Күн шығыс елі» ДРК саласында елеулі әлеуетке ие және алдыңғы қатарлы донор-мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда, жапон тарапы осы саладағы елдің саясаты, техникалық ынтымақтастық бойынша қызметі, жобаларды бағалау және мониторинг жүргізу, Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен Орнықты даму мақсаттарына жету аясындағы JICA қызметі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Дамуға жәрдемдесу комитетінің аясындағы қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өткізілген кездесулер мен консультациялар ДРК саласындағы озық тәжірибені қабылдауға жақсы мүмкіндік беруде. Ұлттық ДРК жүйесін қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде осы саладағы әлеуетті бұдан әрі арттыру мен оның институционалды ресімделуі турасында аса маңызды.