Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысын өткізу туралы

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының   кезекті отырысын өткізу туралы

 

2021 жылғы 8-12 қарашада Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын келісуді жалғастырды Отырыс барысында шекараның жекелеген учаскелерінде далалық демаркациялық жұмыстар жүргізілді.

Келесі отырыс 2021 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағында жоспарланған.