
АСТАНА, 2018 жыл 15 ақпан – Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі Икром Назаровты дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.
Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеевтің арасындағы табысты келіссөздер мен кездесулердің нәтижесінде екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық сапалы жаңа деңгейге шыққаны кездесуде атап өтілді.
Тараптар ең жоғары деңгейде қол жеткізген уағдаластықтарды, соның ішінде сауда және инвестиция саласындағы уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады. Өткен жылдың 11 айының ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 30 %-ға жуық өсіп, 1 млрд. 800 млн. АҚШ долларын құраған болатын.
Көлік саласындағы келісімдерді іске асыру бойынша бірлескен жұмыс оң нәтижелер әкелді. Қазіргі таңда «Тұлпар-Тальго» жылдам поезы Алматы және Ташкент арасында жүруде. Шымкент пен Ташкент арасындағы автобуспен тікелей байланысы азаматтардың қозғалысына және іскерлік беделдігін ынталандыруға қажетті жағдайлар жасайды. «Эйр Астана» және «Өзбек әуежолдары» әуекомпаниялары Астана – Ташкент – Астана, сондай-ақ Алматы – Ташкент – Алматы әуе жолдарының санын көбейтті.
Қ.Әбдірахманов Елші И.Назаровты бауырлас Өзбекстанның өкілі ретінде атқарған белсенді жұмысы үшін алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.