СІМ және ҰЭМ өз қызметтерін үйлестіруді күшейтуге уағдаласты

СІМ және ҰЭМ өз қызметтерін үйлестіруді күшейтуге уағдаласты

АСТАНА, 2018 жылғы 15 ақпан – Сыртқы істер министрлігі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында, сондай-ақ 9 ақпанда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында бекітілген тапсырмаларды іске асыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Ведомствоаралық өзара тиімді іс-қимыл бұл жұмыстың маңызды факторы болып табылады.

14 ақпанда Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов екі ведомствоның қызметтерін үйлестіруді күшейту жөніндегі мәселелерді талқылады. Еліміздің басшылығы және жоғары дәрежелі шет мемлекеттердің ресми өкілдері қатысуымен өтетін ірі халықаралық іс-шараларға, оның ішінде ХІ Астана экономикалық форумына дайындық барысы қарастырылды.

СІМ және ҰЭМ басшылары Мемлекет басшысының шетелдік сапарлары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелеріне назар аударды.

Министрлер Қазақстанның маңызды шетелдік әріптестермен, ДСҰ және ЕЭО қоса алғанда, халықаралық экономикалық ұйымдармен келіссөздер әдісін үйлестіруге мүмкіндік берген келіссөздер процесін егжей-тегжейлі пысықтады. Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Азия инфрақұрылымдық банкі, Халықаралық валюта қоры және басқаларын қоса алғанда халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық маңызды мәнге ие.

Тараптар мазмұнды өзара іс-қимыл орнатылған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастық мәселелерін қозғады. ЭЫДҰ стандарттары мен Ұйымға мүше-мемлекеттердің тәжірибесі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық реформалауындағы бағдар болып табылады. Министрлер еліміздің осы беделді ұйымға жоспарланған кіруіне қатысты нақты мәселелерін пысықтады.

Екі ведомствоның басшылары Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі Қазақстанның көрсеткіштерін жақсартуға ерекше назар аударды.

Орын алған кездесу «сағат тілдерін туралауға» және екі ведомствоның жақын болашақтағы нақты бірлескен іс-қимылдарын белгілеуге мүмкіндік берді.