себептерін жоюдағы кешеуілдеуге байланысты алаңдаушылық білдірді» «Қазақстан Мьянманың Ракхайн штатындағы проблемалардың түбірлі себептерін жоюдағы кешеуілдеуге байланысты алаңдаушылық білдірді»

    себептерін жоюдағы кешеуілдеуге байланысты алаңдаушылық білдірді»   «Қазақстан Мьянманың Ракхайн штатындағы проблемалардың түбірлі себептерін жоюдағы кешеуілдеуге байланысты алаңдаушылық білдірді»

Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарының жағдайы халықаралық қоғамдастықтың қатты алаңдаушылығын туғызып келеді.

2018 жылғы 13 ақпанда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар делегациялардың, соның ішінде Қазақстанның бастамасы бойынша Мьянмадағы жағдай талқыланды. Аталған елдің Ракхайн штатынан дағдарыстың басталғанынан бері 688 мың босқын қашуға мәжбүр болған.

Қазақстан делегациясы босқындар тізімін тексеруге байланысты қиындықтардың және ықтимал репатрианттар үшін қажетті кепілдемелердің болмауының себебінен шегерілген репатриация үдерісінің барысына, сондай-ақ Мьянмада жаппай жерлеу туралы пайда болған ақпаратқа қатысты алаңдаушылық білдірді. Қазақстан БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы коммисарының басқармасының босқындар үшін орындардағы жағдайды сақтауға кепілдемелер үшін қайта оралу үдерісін тексеруге қатысуына қолдау білдірді және Мьянма үкіметін зардап шеккен халыққа жәрдем көрсету үшін БҰҰ құрылымдарына кедергісіз гуманитарлық жолды қамтамасыз етуге шақырды.

Қазақстан үкіметінің, жаһандық және аймақтық мәселелер үшін жауапкершілігін сезініп, Бангладештегі мьянмалық рохинджа мұсылмандарына ресми гуманитарлық көмек көрсету үшін 500 мың доллар бөлгені айтылды.

Қазақстан делегациясы Мьянмада ұлттық деңгейдегі барлық қауымдар арасында сенімді қалпына келтіруге, сонымен бірге болашақта бұндай зорлық-зомбылықтың қайталанбауы үшін қылмыстарды жан-жақты тергеу және айыптыларға қатысты шара қолдану арқылы қол жеткізуге мүмкін екенінін баса айтты.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы коммисары Филиппо Гранди видеоконференц-байланыс арқылы Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерін енді дүниедегі босқындар үшін ең үлкен қоныс болып табылатын Кокс-Базардағы (Бангладеш) Кутупалонг ауданындағы ахуалмен таныстырды. Ол Кеңестің көңілін муссон маусымының алдында 100 мың адам су тасқыны мен көшкінге тап болу қаупі үлкен аудандарда тұратындықтан, босқындардың оңмыңдаған осал топтарын басқа жерге орналастырудың және нығайтушылық жұмыстарды жүргізудің қажеттілігіне аударды.

БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча Мьянмадағы дағдарысты реттеу үшін Бас хатшының басымдықтарымен таныстырды. Біріншіден, бама мен рохинджа қауымдарының арасында жоғары шиеленісушіліктің сақталуына орай золық-зомбылықты тоқтату және қауіпсіздік саласында ахуалды жақсарту қажет. Екіншіден, Ракхайн штатының зардап шеккен аудандарына дереу гуманитарлық жолды қамтамасыз ету қажет. Үшіншіден, босқындардың және ел ішінде қоныстандырылған тұлғалар мекен еткен жерлеріне ерікті, қауіпсіз, лайықты және тұрақты оралуының қажеттілігі.

Бангладеш пен Мьянма арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылуы және Бірлескен жұмыс тобын құру, оның 2018 жылғы 16 қаңтарда оралу үдерісінің бір қатар мәселелері бойынша қол жеткізгені туралы айтылды. БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі 2018 жылғы 13 ақпанда екі қаруланған этникалық ұйымдар (Жаңа аймақтық Мон партиясы (NMSP) және Лаху Демократиялық одағы (LDU) арасында атыс тоқтату туалы ұлттық келісімге (NCA) қол қойылғаны туралы ақпараттандырды.

Жалпы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ракхайн штатының солтүстігіндегі зардап шеккен аудандарына тым шектелген гуманитарлық жолға қатысты алаңдаушылық білдірілді. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы коммисарының басқармасының елдің барлық аймақтарына бара алатын мүмкіндігі босқындарға жәрдем көрсету, қорғау жағдайларына бақылау және репатриацияны іске асыру барысын қадағалау үшін маңызды болып табылатыны айтылды.