
АСТАНА, 2018 жылғы 29 наурыз. Экономикалық ынтымақтастықты жандандыру Қазақстан мен Португалия арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету үшін кең перспективаларды ашады – бұл Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың Португалия Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саясат жөніндегі бас директоры Педру Кошта Перейромен кездесуінің негізгі өзегі болды.
П.Кошта Перейро бастаған португалдық делегация Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың төрағалымен өткен сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялардың кезекті раундқа қатысты.
Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың ахуалын және перспективаларын талқылады, әртүрлі саладағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту қажеттілігін атап өтті. Өзекті халықаралық проблемалар бойынша пікір алмасты.
Келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты ұлғайту жолдары белгіленген. Әңгімелесушілер екі елдің цифрландыру, жаңғыртылатын энергетика, еуразиялық континенттегі көлік-логистикалық байланыстарды дамыту салаларында кооперация перспективаларын бірауыздан белгіледі.
Сауда-экономикалық өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында экономикалық, сауда және техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді жасасу бойынша жұмысты тездету жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сонымен қатар, ұстанымдарды үйлестіру және қазіргі заманның өзекті проблемаларды шешу үшін халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимыл, сондай-ақ сыртқы саяси бастамаларын өзара қолдау мәселелері қарастырылған. Португалия СІМ Бас директоры БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің шеңберінде Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын қолдады. Лиссабонның елімізге халықаралық аренада қолдау көрсету дайындығын білдірді.
Қазақстан тарапы Португалия тарапынан Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесінің қылмыстық сот төрелігі саласындағы конвенцияларға қосылу мәселесінде жәрдем көрсетуге үміт білдірді.
Ауғанстанның тұрақты дамуына қолғабыс көрсету, Орталық Азияда оң тенденциялар аясындағы өңірлік кооперация мәселелері бойынша ынтымақтастыққа, сондай-ақ Сирия қақтығысын реттеу және Астана процесінің рөлі тақырыптарына бөлек назар аударылды.
Кездесу барысында еуропалық тарап құқықтың ұлықтылығының қамтамасыз етуіне және қоғамдық өмірдің әртүрлі саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған Қазақстандағы институционалдық реформаларды іске асыру барысы туралы ақпараттандырылған.
Португал тарапы «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT стартаптар халықаралық технопаркі, сондай-ақ «Жасыл» технологияларды және инновациялық жобаларды дамыту бойынша халықаралық орталығы «ЭКСПО-2017» базасында жобаларды іске асыруға ынтымақтастыққа шақырылды.
Португалия – Қазақстанның Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптестіктердің бірі. 2017 жыл бойынша екіжақты тауар айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 65% артты және 614,4 млн. долл. құрады. Португал инвестицияларының Қазақстан экономикасына салған көлемі 250 млн. долл. құрайды.
Қазақстанда «Saraiva Associados» (архитектуралық жобалау), «SIBS» (банктік қосымшаларды әзірлеу), «RC Europa Stands» (көрме стенділерін жасау) сияқты және басқа португалдық кәсіпорындар табысты қызмет жасайды.