Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Монғолиядағы Елшісінің брифингі өтті

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Монғолиядағы Елшісінің брифингі өтті

Астана, 2018 жылғы 30 наурыз – Қазақстандық-монғол қарым-қатынастарын дамытудың жаңа мүмкіндіктері туралы Қазақстанның Монғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобыландин арналған брифингте айтып берді.

Елші көпқырлы сыртқы саясатты іске асыру, атап айтқанда, өңіраралық өзара іс-қимыл тұрғысында Қазақстан Моңғолиямен ынтмақтастықты белсендіретінін атап өтті.

Брифинг барысында сауда-экономикалық ынтмақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар бөлінді. Елші екі ел тауар айналымының динамикасын жан-жақты баяндап, бизнес-форумдар, сауда миссиялары, көрмелер, жәрмеңкелер шеңберіндегі іскер топтардың қазіргі кездегі өзара іс-қимылын айқындады.

«Бүгінгі күні елдерімізде тау-кен және ауыл шаруашылық салаларында ұзақ мерзімді негіздегі өзара іс-қимылдың әлеуеті бар. Сонымен қатар, екі елдің туризм және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимылдын келешегі зор», - деді дипломат.

Қ. Қобыландин Алтай өңіріндегі Қазақстан, Ресей, Монғолия және Қытайдың кеңейтілген өзара іс-қимылдын қажеттілігін ескере отырып, шекаралық ынтымақтастықтың айқын белсенділігін атап өтті.

Сонымен қатар, Астанада 29 наурызда өткен Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының жетінші отырысының нәтижелері туралы ақпарат берді. Отырыс аясында тауар айналымын жоғарылату мүмкіндіктері талқыланды, тау-кен, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да салалардағы ынтмақтастық, транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту қарастырылды.

Тараптар геологиялық және жер қойнауын пайдалану, авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу, бәсекелік саясат салаларындағы өзара түсіністік туралы үш меморандумға, сондай-ақ және Сотталған тұлғаларды тапсыру туралы келісімге қол қойды.