
АСТАНА, 2018 жылғы 12 сәуір - Назарбаев Университетінде «Дамуға ресми көмек (ДРК) саласында Ауғанстанмен ынтымақтастықта Қазақстанға жәрдемдесу» жобасының аяқталуына орай ресми рәсім өтті.
Жобаны іске асыру туралы уағдаластық Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің 2015 жылғы қазанда жапон көшбасшысының Астанаға жасаған ресми сапары барысында қабылданған Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету мен кеңейту туралы Бірлескен мәлімдемеде көрініс тапқан.
Жоба ауған әйелдерінің экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға және Қазақстанда осы ел азаматтарын Ауғанстан үшін сұранысқа ие мемлекеттік басқару мен денсаулық сақтау сияқты салаларға, анамен балаларденсаулығын сақтауға ерекше назар аудара отырып оқытуғабағытталған.
Жобаны іске асырудағы әріптестер ретінде БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) және бастамаға қаржылай қолдау көрсеткен Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) болды. Қазақстан өз кезегінде жобаның негізгі идеясын - ауған азаматтарына жетекші оқу орындары мен еліміздің мамандарының тәжірибесі мен дағдыларын беруді жүзеге асырды. «Назарбаев Университеті» жобаны іске асырудағы маңызды әріптес болды.
ҚРСІМ Сыртқы экономикалық саясат департаментінің директоры – Жобаның ұлттық үйлестірушісі Олжас Исабеков, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты Өкілі Норимаса Шимомура, Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Ичиро Кавабата, Назарбаев Университетінің вице-президенті Массимо Пиньателли, Қазақстан Республикасындағы Ауғанстан Елшілігінің Кеңесші-уәкілі Хайри Мохаммад Хумайун, сондай-ақ Ауғанстан СІМ өкілі қатысты.
Жобаны іске асыру Қазақстан делегациясының 2017 жылғы 12-17 ақпанда Қабыл қаласына барған жұмыс сапарымен басталып, оның барысында елдің ресми биліктерін «Дамуға ресми көмек саласында Ауғанстанмен ынтымақтастықта Қазақстанға жәрдемдесу» пилоттық ДРК жобасымен таныстырған болатын. Сапар барысында Ауғанстанның мемлекеттік органдары өкілдерімен, сондай-ақ БҰҰ құрылымдарымен кездесулер өткізілді. Ауған тарапы мәлімделген тақырыптардың өз елінде өзектілігін ескере отырып, жобаны іске асыруға қолдау көрсетті.
Жобаның бірінші кезеңі ретінде 2017 жылғы 8-13 шілдеде Астанада мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызметкерлер мен Ауғанстан ҮЕҰ өкілдерінің әлеуетін арттыру мақсатында ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Семинар жұмысында Ауғанстан Ислам Республикасының үкіметтік және үкіметтік емес секторының 24 өкілі қатысты.
Жобаның екінші кезеңі аясында 2018 жылғы 31 наурыз - 12 сәуір кезеңінде Астана қ. «Назарбаев Университеті» негізінде ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді, оған Ауғанстанның денсаулық сақтау саласының 30 өкілі қатысты.
Бұл салада қызмет ететін әйелдердің басымдығын назарға алсақ, семинарға қатысушыларының 80%-дан астамы ауған әйелдері болды.
Семинар бағдарламасына «Назарбаев Университеті» медицина мектебінің, Астана қаласының Ұлттық зертханасының және Ана мен бала орталығының денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандарыныңдәрістері мен тренингтері енгізілді. Дәрістің біреуін 2017 жылғы қазан айында Токиода JICA ұйымдастырған «Ана мен баланың денсаулығын денсаулық сақтау жүйесі арқылы жақсарту» тақырыбында оқыту курсынан өткен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының қызметкері өткізді.
Семинарға қатысушыларға «Нұр-Әлем» Ұлттық павильонына, Ұлттық мұражайға, Бейбітшілік пен келісім сарайына, «АЛЖИР» мұражайына және басқаларға бару мақсатында мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушыларға оқудан өткендігі туралы сертификаттар табысталды. Ауғанстан өкілдері семинарға қатысу және Астанада болу туралы өз әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ ұйымдастырушыларға және қазақстандық мамандарға берген білімдеріне алғыстарын білдіре отырып, болашақта осындай іс-шаралар өткізу туралы тілектерін білдірді.
Жалпы, бұл жоба ауған әйелдерінің әлеуетін арттыру арқылы Ауғанстанды одан әрі дамытуға халықаралық қоғамдастықтың күш-жігеріне Қазақстанның кезекті қосқан үлесі болып отыр.