
АСТАНА, 2018 жылғы 17 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанға ресми сапармен келген Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Ген Хвамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қазақстандық-кореялық ынтымақтастықтың келешегін, сондай-ақ жаһандық және аймақтық күн тәртібін талқылады.
Министр Қ. Әбдірахманов Қазақстан тарапы Шығыс Азияның негізгі стратегиялық әріптестерінің бірі болып табылатын Корея Республикасымен ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылы қарашада Сеулге жасаған мемлекеттік сапары серіктестіктің жаңа беттерін ашқаны айтылды. Екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2017 жылы 2,5 есе өсіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,7 млрд доллар құрады.
Сауда-экономикалық бағытты дамыту маңыздылығын атап өтіп, Қ. Әбдірахманов корей компаниялары қатысатын БАКАД салу жобасының іске асыруы жақын арада басталуына орай инфрақұрылым мен логистика салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуды ұсынды.
«Қазақстан Орталық Азия елдері ішінен Корея дипломатиялық қатынастарды орнатқан тұңғыш ел болды. 2009 жылдан бері біз стратегиялық әріптестер болып табыламыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қарашада Кореяға сапары елдеріміз арасындағы тығыз әріптестікті нығайтудың маңызды кезеңі болды», - деп айтты Корея СІМ басшысы.
Корей тарапы Қазақстан Президентінің Төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-тегеуріндеріне назарын аударғанына ризашылығын білдіріп, екі елдің гүлденуі үшін осы бағытта ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Сонымен қатар, тараптар ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, цифрландыру және Төртінші өнеркісіптік революция қамтитын басқа да салаларда ынтымақтастық әлеуеті атап өтілді. 19-20 сәуірде Сеулда Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің қатысуымен қазақстандық-кореялық бизнес-форумы өтеді.
Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Корей түбегіндегі ахуал мен КХДР ядролық бағдарламасына қатысты жағдайдың даму перспективалары туралы пікір алмасты. Қ. Әбдірахманов Қазақстан «корейаралық жылымықты» және Оңтүстік пен Солтүстік Кореяның үстіміздегі жылдың 27 сәуірде саммит өткізу туралы келісімін қолдайтынын мәлімдеді.
«Біздің еліміз алдағы корейаралық саммиттен үлкен нәтижелер күтеді және осы кездесу кореялық қарым-қатынастарды жақсартуда серпіліс болады деп үміттенеді. Қазақстан үшін Корей түбегінің денуклеаризациясы таратпау мәселесіне қатысты біздің тарихи рөлін ескере отырып, принципті мәселе болып табылады», - деп Қазақстан Сыртқы істер министрі мәлімдеді.
Өз кезегінде, «Қазақстан екіжақты форматта да, сондай-ақ БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде де Корея Республикасына ядролық қарусыздандыру мәселесін бойынша сенімді және дәйекті қолдау көрсетіп отырғанын атап өткім келеді. Біз ядролық арсеналды бейбітшілік пен дамудың пайдасына өз еркімен бас тартқан Қазақстанның бірегей дауысын бағалаймыз. Біз бұл ел қандай болғанын көріп отырмыз және біз бұл оқиға жайында әрдайым айтып отыру керек деп есептейміз», - деп айтты корей дипломаты.